Мәжіліс тұңғыш президент күнін мейрам санатынан алып тастауды мақұлдады


07/09/2022
13:55 28334 0

Мәжіліс Назарбаевтың құрметіне тойланатын тұңғыш президент күнін мейрам санатынан алып тастауды мақұлдады. 

 

7 қыркүйекте парламент мәжілісі депутаттары желтоқсанның 1-і күні тойланатын тұңғыш президент мейрамын мемлекеттік мереке санатынан алып тастау ұсынысын мақұлдады. Президент күні бұдан былай «қоғамдық жоғары маңызы бар дата» болады

 

Бұдан бөлек, 25 қазан Республика күні қайтарылып, оған ұлттық мереке статусы берілді. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке мәртебесіне түсті. 

 

2011 жылы 10 желтоқсанда парламент «мерекелер туралы» заңды толықтырып, 1 желтоқсанды тұңғыш президент күні деп атап өтуді мақұлдаған.

Поделиться

Нет комментариев.

07/09/2022 13:55
28334 0

Уведомление